Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Ұлттық жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

А. Мамин

Тіркелген файлдар: