"Жұлдызды дуэт" байқауы

22.02.2019 10:46

2019 жылы 20 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Жұлдызды дуэт" облыстық балалар вокалдық байқауы өтті.

Конкурсты ұйымдастырушы: "облыстық балалар психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ»

Конкурстың мақсаты:

- балаларды музыкаға оқыту аясында инклюзивті білім беру мәселелеріне қоғамдық назар аудару;

- балалар музыкалық орындаушылық және арнайы педагогика мәселелерін өзектендіру.

Іс-шараға қатысушылар:

Павлодар облысы және Павлодар қаласы бойынша мамандандырылған (арнайы жалпы білім беру, түзету, медициналық-әлеуметтік) мекемелердің балалары.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.