Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) іске асырудың қорытындысы

Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Мемлекет басшысы қол қойды.

Аталған Конвенцияны ратификациялау үшін қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс шаралар жоспары) кезең-кезеңмен іске асыру арқылы қалыптасты, ол келесідей бағыттардан тұрады. Осылайша, екінші кезең шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылған:

Бірінші бағытқолжетімді ортаны қалыптастырудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, 3 Кодекске және 21 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ұсынылып отырған түзетулер мүгедектердің өмірі үшін қолжетімді ортаны дамыту, денсаулық сақтау, білім, көлік, ақпарат ұсыну, азаматтардың құқтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі құызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.

Заңмен қатар келесі ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- арнайы жұмыс орындарын құрайтын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау, мекемелеріндегі жұмыскерлердің штаттық санына байланысты мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квоталау механизмін жетілдіру нормаларын енгізу бөлігінде көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша;

- мүгедек адамдар үшін талап етілетін құжаттарды және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту бөлігінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселесі бойынша.

2015 жылдың ішінде қолжетімді ортаны дамыту бойынша моноқалаларды, инклюзивті білімді дамыту, ЭКСПО – 2017 жылын өткізу, туристік қызметтер, автомобиль, теміржол, әуе көлігімен мүгедектерді тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну мәселелерін қозғайтын 18 заңға тәуелді актілерге ұсыныстар енгізілді.

Екіншімедициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс. Бұл жұмыс соңғы бірнеше жылда медициналық-әлеуметтік сараптаманың нормативтік-құқықтық базасын жүйелендіруге, тіршілік-тынысы шектелуінің деңгейін белгілеудің біріңғай өлшемі мен жалпы және кәсіби жұмысқа қабілеттілігін жоғалтуын енгізуге, мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын жетілдіруге, құжаттар мен есептердің нысандарын бірыңғайлауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы:

-  Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын біріктіру арқылы мүгедектікті белгілеу бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру басталды;

- мүгедектікті белгілеу кезінде әкімшілік кедергілер төмендетілді;

- адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға және медициналық оңалтуға жолдаудың дәлелділігі бойынша медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультативтік комиссияларының жауапкершілігі арттырылды;

- бірінші топ мүгедектік мерзімсіз орнатылатын аурулардың тізбесі кеңейтілді (ақыл-ой кемістігі ауыр немесе күрделі және оған сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі).

Тиісті нормативтік құқықтық акт 2015 жылы қабылданды.

2016 жылдан бастап әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде өтініш беруші медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолыққан жағдайда алғашқы мүгедектікті және жалпы жұмысқа қабілеттілігін айырылғанын белгілеу кезінде     мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны және  жұмысқа қабілеттілігін айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беруге құқығы бар.

Бұл ретте, ағымдағы жылы медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізуді жетілдіру мақсатында Министрліктің тапсырысы бойынша «Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып, мүгедектікті белгілеу өлшемшарттарының балдық жүйесін әзірлеу» зерттеу жүргізілуде.

Үшінші, оңалтудың және мүгедектіктің ауырлауын ескертудің маңызды факторы – оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру болып табылады, осы қызметтерді алушылар жылсайын 80 мың ерекше мұқтаждықтары бар адамдар болып табылады.

Мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін беріледі, ал қосымша қызметтер – ақы төлеу жағдайында. Бұл ретте әлеуметтік қызмет көрсету формасын таңдау мүмкіндігі құрылған – стационар (дәстүрлі МӘМ), жартылай стационар (күндіз болу бөлімшелері), үйде күтім жасау жағдайында.

Бүгінгі таңда елімізде стационар түріндегі 100-ге жуық медициналық-әлеуметтік мекемелер, 50 күндіз болу бөлімшелері, 21 халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 21 оңалту орталығы, 500 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, мүгедек, қарт адамдарға, белгілі тұрағы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 25 Әлеуметтік бейімдеу орталықтары бар.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің ең басты қағидаларының бірін ұстану – адамды отбасында сақтап қалу мақсатында өткен жылы келесі жұмыс жалғастырылды:

- мүгедек балаларға күндіз болу бөлімшелерін ҮЕҰ немесе жеке құрылымдарға аутсорсингке беру арқылы кеңейту, отбасыларға 548 баланы қайтаруға және осы бөлімшелерге баратын балалардың 625 ата-анасын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді;

- стационарлық түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта құру бюджет қаражаты шеңберінде қызмет көрсетуге ғана емес, басқа санаттағы адамдарға ақылы қызмет көрсетуге  мүмкіндік берді.

Халық арасында оң нәтиже берген жаңа пилоттық жоба – Мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға қолдау көрсету онлайн қызметі жұмыс жасайды. Бұл Қызмет Қазақстан-Ресей медицина университеті базасында жүзеге асырылған болатын. Университет мамандарымен ағымдағы жылдың ішінде мүгедек баланың 268 ата-анасына психологиялық көмек пен кеңестер берілді.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әлеуметтік жаңарту мақсатында пилоттық режимде әлеуметтік қызмет көрсетудің кіріктірілген моделін құру бойынша жұмыс басталды (Жоба Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының базасында іске асырылуда. АӘҚ кіріктірілген моделін енгізу мерзімі – 2019 жыл. Мақсаты – өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды сүйемелдеу қызметін енгізу арқылы әл-ауқаты төмен отбасыларды алдын алу).

Мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету және оларды өндіру инфрақұрылымын дамыту Жобаны іске асырудың келесі төртінші бағыты болып табылады.

2015 жылы оңалтудың техникалық құралдарымен 122,2 мың мүгедек қамтамасыз етілді.

2014 жылдан бастап республикалық бюджеттің қолдауымен кохлеарлық иплантациядан кейінгі балалардың есту-сөйлеуін оңалту 370 мүгедек балаға өткізілді (2014 ж. – 170 бала, 2015 ж. – 200 бала). Бұл операциядан кейінгі балаларды бейімдеу процесін жасартуға мүмкіндік берді, бұған дейін есту-сөйлеу оңалтусыз тиімділігі төмен болған.

2015 жылдан бастап:

- 257 балаға кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары ауыстырылды және теңшеу жасалды. Осы жұмыс жалғасын табады және бұл операция жасалған балаларды әлеуметке кіріктіру жағдайын жақсартады.

- міндетті гигиеналық құралдардың нормасы ұлғайтылды, бұл халықтың көп өтініштерінің көлемін азайтуға мүмкіндік берді (жылына берілетін жөргектердің санын 480-нен 730-ға дейін, несеп қабылдағыштардың санын 12-ден 365-ке дейін, нәжіс қабылдағыштардың санын 12-ден 365-ке дейін ұлғайту).

2017 жылы келесі жоспарлануда:

ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функционалды электрондық гаджеттермен ауыстыру (ҚР Yкiметiнiң 23.12.2015 ж. № 1035 қаулысымен);

- Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тізімін (ҚР Yкiметiнiң 20.07.2005 ж. № 754 қаулысы) барынша толықтыру ұсынылуда, бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға тифлотехникалық құралдар; тірек-қимыл аппараты бұзылған және сыртқа шығару функциялары бұзылған мүгедектерге арналған міндетті гигиеналық құралдар; дене бұзылуының салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуі қиын мүгедектерге қосымша техникалық құралдар.

- естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін жылына 30 сағаттан 60 сағатқа дейін ұлғайту.

Сондай-ақ, елімізде алғаш рет 2017 жылдан бастап ересек мүгедектерге (18 жастан асқан) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметтері көрсетілетін болады.

Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдардың тізімін жаңарту және кеңейту жұмыстары еліміздің экономикалық мүмкіндігіне орай алдағы уақытта да қарастырылатын болады.

Бесінші, еңбек нарығы мен адам капиталын дамытудың қосымша көзінің маңызды резерві ретінде  мүгедектерді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс болып табылады.

Осының растауы жалпы мүгедектіктің құрылымындағы жұмысқа қабілетті жастағы адамдардың үлесі – 64,5 %, жыл сайын мүгедектің 120 мыңында тұрақты жұмысы бар.

Соңғы 10 жылда жұмыспен қамту органдарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың жолығу саны 8 рет: 2005 жылы 1676 адам болса, 2015 жылы – 14 мың адамға дейін артқанын атап өткен жөн.

2015 жылы Кешенді жоспарларды іске асыру шеңберінде 14 мың мүгедекке жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 6,7 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың 8 айына 8 мың мүгедекке жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 98-бабында 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап мүгедектерге белгіленген жұмыс орны квотасын орындамауы үшін 10 АЕК мөлшерінде, екінші рет қайталаған жағдайда – 20 АЕК айыппұл түрінде жауапкершілік енгізілген.

Мүгедектерді жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету мақсатында:

- республикалық бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін «Инватакси» қызметін дамытуға қолдау көрсетіледі;

- көру және есту қабілетінен толық айырылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін жұмыс орны стандарты бекітілген, бұл арнайы жұмыс орындарын субсидиялауды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Алтыншы және бүгінгі күнге ең басымды бағыттардың бірі – әлеуметін негізгі тыныс-тіршілік салаларына мүгедектерді тарту үшін әлеуметтік және көлік объектілерінде қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Объектілерде қолжетімділікті құруды бақылау Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2003 – 2008 жылдары бастау алған еді. Белсенді паспорттау және бейімдеу 2012 жылы кезең кезеңмен мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін объектілерді түгендеу және бейімдеудің өңірлік жоспарлары шеңберінде басталған еді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 26 мың объект паспортталған, олардың ішінен 18 мыңы бейімдеуге жатады, 6,8 мың объекті бейімделген. 2016 жылғы 1 шілдеге 7,8 мың объекті бейімделген.

Республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орналастыру, жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жетінші және әлеуметтік маңызы бар – мүмкіндігі шектеулі адамдардың мұқтаждығына, оларды сау адамдарға теңеуіне қоғамның санасын аудару.

Осы үшін Мәдениет және спорт министрілігімен бірлескен медиа-жоспарды іске асыру шеңберінде республикалық және өңірлік БАҚ-та мүгедектердің құқықтарын сақтау және мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістіктері бойынша 9 мыңға жуық материал (анықтама үшін: оның ішінде республикалық телеарналарда 903 сюжет, республикалық басылымдарда – 545 мақала, интернет-ресурстарда – 1 152 жарияланым, өңірлік БАҚ-та – 6 328 материал, оның ішінде өңірлік телеарналар эфирінде – 2 457 сюжет, өңірлік басылымдарда – 3 130 мақала, өңірлік интернет-ресурстарда – 741 материал) жарияланды.

Соңғы екі жылдың ішінде өңірлік жаңалықтарды сурдоаудармамен шығару жұмыстары жүргізілуде.

Біздің азаматтардың  мүмкіндігі шектеулі еместігін көрсететін және халықты тартатын «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі болды. Осы шараның сұранысқа ие болуы келесі статистика айтады – соңғы үш жылда қатысу үшін 317 өтініш берілді, оның 64 әлеуметтік жобасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың жалпы санынан 10 автор әлеуметтік жобаны өз қаражатынан іске асыруда, 25 әлеуметтік жоба  демеушілердің қолдауымен және тартылған қаражаттары арқылы  қаржыландыруда  және 28 әлеуметтік жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылуда.

Сегізінші. Елімізге келетін халықаралық сарапшылар мүгедектер құрған қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдармен ынтымақтастығының тиімділігін бірнеше рет атап өткен еді.

Он жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі өзінің тиімділігін және маңыздылығын дәлелдеді.

Осы Кеңестің отырысында мүгедектер құрған қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ішінен штаттан тыс кеңесшілерінің институтын енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл мүгедектердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуына құқықтарын іске асыруға үлкен қадам болды. Қазақстанның осы қадамды халықаралық деңгейде аталып өтті (анықтама үшін: БҰҰ Даму бағдарламасы 2012 жылы жариялаған конкурста Қазақстандағы мүгедектер ұйымы одағының төрағасы Ә.Ә. Аманбаевты Министрдің штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындау Қазақстанның  қадамы атап өтілді).

Қазіргі таңда еліміздің барлық 16 өңірінде де кеңесшілер тағайындалды.

Бұл эстафетаны орталық мемлекеттік органдардың басшылары алып кеткені қуанышты екенін атап өткен жөн. Бүгінгі күні ҚР Білім және ғылым министрінде, ҚР Инвестициялар және даму министрінде, ҚР Қаржы министрінде мүгедектер қатарынан кеңесшілері бар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) (ҚР Үкіметінің 14.04.2016 ж. № 213 қаулысы) іске асырылуда.

Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаты мүгедектердің барлық тыныс-тіршілік салаларындағы объектілер мен қызметтердің қолжетімділік механизмін жетілдіру және Конвенцияның негізгі көзқарастарын енгізу болып табылады.