Жобалық құжат

Жобаның аты:

Халықаралық стандарттарға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Даму мақсатында көмек көрсету бойынша БҰҰ Шеңберлік Бағдарламадан күтілетін нәтиже (ЮНДАФ):                                                                                                                                                                              

ЮНДАФ нәтижесі:  2015жылға қарай Қазақстан халқының, атап айтқанда халықтың осал санатының әлеуметтік, экономикалық жағдайлары жақсаратын болады

Ұлттық деңгейде күтілетін нәтиже  (Қазақстандағы БҰҰДБ елдік бағдарламасы):                                    

 

Ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтерді жоспарлауда, іске асыруда, сапасына мониторинг жасауда ұлттық әріптестердің (мемлекеттік сектордың және ҮЕҰ) әлеуетін күшейту; бұл ретте мақсатты осал топтарға көрсетілетін қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді

БҰҰДБ қызметінен күтілетін нәтиже күтілетін Ожидаемый результат деятельности ПРООН:    

 

Адам құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдау және ойдағыдай іске асыру

Жобаны іске асырудағы әріптес:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Басқа әріптестер:

Мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары, басқа мемлекеттік органдар

 

 

Жобаның қысқаша сипаттамасы

 

Жобаның мақсаты:Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүкіндіктері шектеулі адамдарға айрықша назар аудара отырып арнайы әлеуметтік қызметтер беру жүйесін жетілдіру мақсатында әлеуметтік саясатты асыруда жәрдемдесу және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша саясатқа жәрдемдесу.

Осы жұмысқа мыналар жатады:

  • 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі
    іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыруға жәрдемдесу
  • Арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарының жүйесін қалыптастыру
  • МСУ де-институалдандыру механизмін енгізу және жетілдіру
  • Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жүйесін оңтайландыру

 

  1. Ахуалды талдау

Мүгедектердің  құқықтары  туралы БҰҰ Конвенциясын алға жылжытудағы бірлесіп жұмыс істеген жылдар ішінде 2009 жылы «Оқшауланудан теңдікке қарай: Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» деген Адамның дамуы туралы ұлттық есеп, Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұлттық есеп дайындалды. БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта түрлі мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер және консультациялар өткізіледі, бірлескен тақырыптық жарияланымдар дайындалды және шығарылды, сондай-ақ оқыту-үйрету сабақтары өткізілді және ұйымдастырылды, озық халықаралық практикамен алмасу және зерделеу үшін халықаралық консультанттар шақырылды.

 

Халықты, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін  әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша БҰҰДБ-мен бірлесіп өткізілген жұмыстарды, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны алға жылжыту жөніндегі бірлескен тиімді қызметті назарға ала отырып, осы бағыттағы бай практикалық және талдамалық халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда БҰҰД-мен бірлесіп жобаны іске асыру орынды деп есептейміз. 

 

2010 жылғы 31 наурыздан бастап Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жобаны іске асырды, ол жоба 2011 жылғы желтоқсанда аяқталды.

 

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстанның  Мүгедектердің  құқықтары  туралы Конвенцияны және Факультативтік хаттаманы ратификациялау және әрмен қарай имплементациялау бойынша жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу болып табылады, оған:  :

i) мүмкіндіктері шектеулі адамдарды  әлеуметтік қорғау жүйесін  әлемдік тәжірибеге және гендерлік теңдік қағидаттарына сәйкес дамыту;

ii) Конвенцияны ратификациялау және имплементациялау үшін жағдай жасау бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеуді және жетілдіруді қолдау;  

iii) гендерлік теңдік қағидаттарын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін дамыту жатады. 

 

Жоба мүмкіндіктері шектеулі адамдар мәселесін елдегі мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты ахуалдар туралы білімнің көмегімен және Конвенцияны ратификациялауға Қазақстанның дайындығы арқасында саясатты  айқындайтын адамдардың және азаматтық қоғамның әлеуетін көтере отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттарға кіріктіруге жағдай жасады.   Жоба саясатты айқындайтын адамдар, мемлекеттік/қоғамдық мекемелер, азаматтық қоғам ұйымдары, БАҚ арасындағы ынтымақтастықты ілгері жылжыту үшін сол арқылы саяси синергия жасап және Конвенция ережелеріне сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдарға  қатысты әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселесі бойынша ынтымақтастық көрсете отырып, адам құқықтарына негізделген тәсілді пайдаланады.

 

Жоба нәтижелері мынадай болды:

-           2012-2018 жылдарға арналған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде ұзақ мерзімді перспективаға арналған іс-қимылдың Ұлттық Жоспарының жобасы әзірленді. Үкімет 2012-2013 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін қабылдады.

-           Мүгедектердің тіршілік әрекетінің шектелуі түрлеріне қарай үй-жайлар мен қызметтерге қолжетімділікке паспорттау жүргізу әдістемесінің жобасы, объектілер мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етудің типтік әдістері әзірленді.

-           Медициналық-әлеуметтік мекемелерді де-институализациялау механизмін енгізу бойынша ұсынымдар дайындалды.

-           Үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің үлгісі, жалғызбасты, егде азаматтар мен мүгедектердің қажеттіліктерін бағалаудың әдістемесі мен қағидасының жобасы әзірленді, сондай-ақ халықаралық тәжірибе негізінде және қолданыстағы заңнаманы есепке ала отырып ұсынған үлгіні енгізу құнына типтік есеп айырысулар жүргізілді. 
-           Мүгедектік мәселесі, оның ішінде Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция жөнінде жарияланымдар және Конвенция мәтінін қазақ тілінде және орыс тілінде тарату арқылы да, сондай-ақ қолжетімділіктің түрлі форматтарында, мүгедектік проблемасына арналған теледидар хабарларын дайындау бойынша хабардарлық артты.

 

Осы саясатты іске асырудың әрмен қарайғы прогресі үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2012-2014 жылдарға арналған бірлескен жоба арқылы қосымша қаржыландыру негізінде әрмен қарай техникалық көмек көрсетуі үшін БҰҰДБ-ға өтініш жасады. Жобаның қызметі 2012-2018 жылдарға арналған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын; арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін қалыптастыруды; және МСУ де-институализациялау механизмін жетілдіруді
 кезең-кезеңімен іске асыруға шоғырландырылатын болады.

 

2008 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Мүгедектердің  құқықтары  туралы Конвенцияға және Мүгедектердің  құқықтары  туралы Конвенцияға  Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» № 711 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоспардың жобасы) әзірлеу үшін жұмыс тобын құра отырып, осы құжатты ратификациялауға дайындаудың белсенді кезеңіне енді.  Қазіргі кезеңде Іс-шаралар жоспарын халықаралық стандарттарға сәйкес орындаудың, сондай-ақ бақылау механизмдерін әзірлеудің және ұлттық та және облыстық деңгейде де іске асырудың мониторингін тиімді орындау міндеті тұр. Мүгедектерге қатысты саясатты ойдағыдай іске асырудың міндетті шарттарының бірі мүгедектердің өздерінің заңдар әзірлеуге және олардың мүдделерін қозғайтын басқа да шаралар қабылдауға белсене қатысулары болып табылады. Осыған байланысты БҰҰДБ Министрлікке Іс-шаралар жоспарын ойдағыдай іске асыру үшін мына бағыттар бойынша жәрдемдеседі:

  • Іс-шаралар жоспарын іске асырудың бақылау механизмін және мониторингін әзірлеу;
  • Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ құзырына жататын шараларды орындауда министрлікті қолдау;
  • мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың барынша дәл үлгісін құрастыру үшін мүгедектердің нақты жағдайлары туралы зерттеулер сериясын жүргізу;
  • мүгедектердің мүдделерін білдіретін ҮЕҰ көшбасшыларының, мүгедектердің өздерінің сондай-ақ сарапшылар мен академиялық шеңбер өкілдерінің Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету.

Соңғы жылдары Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2008 жылғы желтоқсанда өмірдің қиын ахуалында тұрған адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыруға бағытталған «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Министрлік БҰҰДБ-ның қолдауымен көмек алушылардың (мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері, егде адамдар) түрлі санаттары үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандартын әзірледі және практикаға енгізді. Қызметтердің әрбір түрі үшін нормативтік стандарттар әзірлеу ұзақ және күрделі процесс болып табылады, бірақ олардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін тиімді басқару үшін маңызы зор. Бұл ретте әлеуметтік қызметтердің түр-түрін және сапасын реттейтін саясатқа ерекше назар аударылуы тиіс, сондай-ақ жүйені дамытуда аса маңызды фактор үкіметтік емес, коммерциялық емес және коммерциялық жеке жеткізушілердің қызметтерін тарту арқылы қызметтер көрсету болып табылады. Осыған байланысты арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарының кешенді жүйелерін қалыптастыру, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ қызметтер көрсету процесіне нарықтың басқа ойыншыларын, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды тарту жөніндегі жұмыс өзекті болып отыр.

Осыған байланысты БҰҰДБ тиімділікті өлшеу мен мониторинг және қызметтер сапасы негізделетін сапа стандарттарын орнату үшін жүйе жасауға қолдау көрсетеді. Бұл қызметтерді алушылардың нақты санаттары үшін сапа стандарттарын әзірлеу арқылы мүмкін болады. Осы процеске қызметтердің күтілетін нәтижелерін түсінуді және қалыптастыруды, сондай-ақ бенефициар/клиенттерді және стандарттарды анықтауға қызметкерлерді тартуды ескеру қажет. БҰҰДБ министрлікке тиісті халықаралық тәжірибе алмасу және қажетті оқыту жүргізу жолымен ҮЕҰ-ға әлеуметтік қызметтерді беруді жеңілдетін механизмдер (нұсқаулықтар, ережелер) әзірлеуге жәрдем көрсетуді ұсына алады.

Осы қызмет шеңберінде мыналар жоспарланды:

  • халықаралық тәжірибе негізінде әлеуметтік қызметтер жасаудың әдістемесін  зерделеу;
  • қызметтер алушылардың түрлі санаттары бойынша сапа стандарттарының түрлері мен нысандарынан мысалдарға талдау жасау және Қазақстанның жағдайына бейімдеу.

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі де-институализация, яғни  стационарлардан жартылай стационарларда және үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарының желісін кеңейтуге  бірте-бірте  көшу болып табылады.  Бүгінгі күні  деинституализация  бүкіл әлемдегі негіз қалаушы практика болып табылады. Шығыс Еуропа, Ресей, аз дәрежеде Қазақстанда оның қалыптасуы мен дамуы байқалуда. Министерлік БҰҰДБ-ның қолдауымен мақсаты деинституализацияның түрлі тетіктерін енгізу жөнінде нақты ұсынымдар әзірлеу болып табылатын зерттеулер сериясын жүргізіп жатыр,   атап айтқанда мүгедектер мен егде адамдар үшін сиымдылығы аз үйлердің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу мәселелері қаралған болатын, сондай-ақ  МСУ-да, жалғыз басты егде адамдарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін  күтіп-бағу жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер  үшін практикалық сабақтар қамтылған оқыту бағдарламалары дайындалды және қабылданды. Әзірленген ұсынымдарға және қолданыстағы практиканың талдауына, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның алда тұрған ратификациялануы мен имплементациялануына негіздей отырып, БҰҰДБ министрлікке деинституализация жөніндегі жұмысты мына бағыттар бойынша жалғастыруға жәрдем көрсетеді: 

  • үкіметтік емес ұйымдардың және/немесе күндіз келуге болатын  медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қызметінің құрылуын/дамуын, сондай-ақ үйде қызмет көрсету жөніндегі қызметтер саласын кеңейтуді (пилоттау негізінде),
  • стандарттар мен мемлекеттік емес ұйымдар көрсете алатын қолдау көрсету түрлерін әзірлеу, сондай-ақ технологияларды және  қолдауға мұқтаж адамдардың қажеттіктерін  бағалаудың әдістерін әзірлеу,
  • МЕҰ әлеуетін арттыру және дағдылар мен  арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын  қызметкерлерді оқыту,
  • әлеуметтік қорғаудың  жергілікті басқармаларында мемлекеттік қызметшілерді және МСУ қызметкерлерін арнайы әлеуметтік қызметтер мәселесі мен деинституализация бойынша оқыту,
  • олардың жұмыспен қамтылуын қоса,  әлеуметтік қызметкерлерді дайындау жөнінде оқу орындарын (колледждер) оқу-әдістемелік қолдау.

 

  1. Стратегия

Бірлескен жобаларды іске асыру арқылы БҰҰДБ негізгі стратегиялық құжаттарды
(дамудың түрлі бағыттары бойынша ұлттық және өңірлік бағдарламаларды), талдамалық есептерді, заң жобаларын, стратегияларды әзірлеуде көмек көрсетеді, сондай-ақ түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың институализациялануына  және бағдарламаларды іске асыру мониторингін күшейтуге, сондай-ақ халықаралық тәжірибені және сараптаманы тарта отырып, Мыңжылдықты Дамыту Мақсатына жету жолында Қазақстанның прогресі мониторингіне мүмкіндік жасайды.

 

Өз кезегінде БҰҰДБ бірқатар ірі саяси құжаттар әзірлеуде қолдау көрсетті, олар мыналар:

  • 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиясын дамыту,
  • Қазақстан Республикасындағы Әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы,
  • 2003-2005 кезеңінде кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарлама,
  • 2003-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
  • 2006-2008 арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы,
  • Көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін реформалау тұжырымдамасы,
  • Мүмкіндіктері шектеулі  адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  Ұлттық жоспардың жобасы,
  • Әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру саласындағы басқа бағдарламалар.  

 

Министерлік БҰҰДБ-ны Қазақстанда Конвенцияны ратификациялауды және имплементациялауды алға жылжыту мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты  және сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік қорғауды жетілдіру саласындағы және халықтың осы санаттары үшін әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әрмен қарай дамытудағы өзінің негізгі әріптестерінің бірі деп қарайды.