Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту

«АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ»

ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКЕМЕСІ

Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту

тақырыбы бойынша

 

АҢДАТПАЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ

Қарағанды, 2011

Қысқаша мазмұны

1

Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің әлемдік тәжірибесі

 

5

1.1

Жалғыз басты азаматтар мен мүгедектердің арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктерін бағалаудың әлемдік тәжірибесі

 

Швецияның, АҚШ-тың, Литваның, Израильдің, Ресейдің, Германияның нормативтік құжаттарын зерттеу негізінде таңдалған топтардың арнайы әлеуметтің қызметтерге деген қажеттіліктерін бағалау әдістемелері жүйелендірілді. Клиенттің арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін анықтаудың негізгі факторы – өзін өзі күту, тұрғын үйінен тыс қозғалу, коммуникация қабілетінің шектелуі. (№ 1 Слайд)

Арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктері әр түрлі клиенттерді бірнеше санатқа бөлуге мүмкіндік беретін және өзін өзі күту қабілетінің дәрежесін анықтап, қызметтерге деген қажеттілікті анықтау әдістемелері анықталды.  Толығырақ 5-7 бетте.

 

 

 

5-7

1.2

Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық үлгілері 

АҚШ, Ұлыбритания, Ресей елдерінің үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі ұйымдастырушылық үлгілері анықталды.

Қазақстан Республикасының арнайы әлеуметтік қызметтері туралы Заңына және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес патронаттық күтім шеңберіндегі көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер тізімі анықталды. Толығырақ 7-11 беттерде.

 

 

 

7-11

1.3

Мақсатты топтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің экономикалық үлгілері

Әлемдік қарт азаматтарға және мүгедектерге көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру тәжірибесін талдап қорыту негізінде келесі экономикалық үлгілер белгіленді (Слайд № 2).:  

  • Үлестірушілік үлгі – мемлекет әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері арқылы қажет ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметті жеткізушіні тікелей бюджеттік қаржыландыру тетігі арқылы қызмет көрсетеді. (12-13 бет)
  • Жетілдірілген үлестірушілік үлгі – Бұл үлгі де қызметті жеткізушіні қаржыландыру арқылы іске асады, бірақ клиентке мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ немесе жеке тұлғалар сияқты әр түрлі қызмет жеткізушілер арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді.(12-13 бет)
  • Квазинарықтық үлгі – қызмет көрсетушіні таңдайтын клиентті қаржыландыру үлгісі.(13-14 бет)

 

 

 

12-14

2

Қазақстан Республикасы заңнамасын есепке алғанда жалғыз басты азаматтар мен мүгедектердің үйде көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін бағалау әдістемесі (есептік және есеп берушілік құжаттамалармен бірге)

Қарт азаматтар мен мүгедектердің қажеттіліктерін бағалау әдістемесі жасап шығарылды. Әдістеме клиенттің дербестіктен айырылуына қатысты өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді. (Слайд № 3).

 

Әдістеме әрекеттердің келесі ретін белгілейді:

1. Бағлау маманы клиентпен көзбе-көз әңгімелесу негізінде оның тұрғын үйінің жағдайын, және басқа жағдайларды есепке алып, арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін анықтауы керек. Клиенттің өмірлік қажеттіліктері 4 топқа бөлінді, тұрғын үйінің жағдайы бөлек қарастырылады.

 

1-топ. Өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті.

2-топ. Клиенттің психологиялық жағдайы және коммуникация қабілеті.

3-топ. Клиенттің тұрғын-үйінен тыс қозғалу қабілеті.

4-топ. Клиенттің өмірлік жағдайының ерекшеліктері.

Есептік құжаттама жасап шығарылды (16-19 беттер). (№ 4, 5, 6, 7 Слайдтар).

 

Әр топ бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктер көлемі анықталып, дербестік бағаланады. (19 бет) (Слайд № 8).

 

2. Клиенттің дербестігін бағалау негізінде оған АӘҚ қажеттілігінің санаты беріледі: 1 санат – арнайы әлеуметтік қызметтерге деген ең төменгі қажеттілік (дербестік сақталған немесе жартылай жоғалған); 2 санат – арнайы әлеуметтік қызметтерге деген орташа қажеттілік (дербестік едәуір жоғалған); 3 санат – Арнайы әлеуметтік қызметтерге деген ең жоғары қажеттілік (дербестік толықтай жоғалған)

Есеп беру құжаттама жасап шығарылды (20 бет). (№ 9 Слайд).

Әдістеме Герменияның әлеуметтік колледжінің директоры доктор П.Рабинальдттың қатысуымен өткен дөңгелек столда талқыланды.

 

 

 

 

15-20

3

Жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері базасында клиенттің жеке тұлғалық қажеттіліктерін және олардың отбасыларының мүмкіндіктерін бағалау бойынша пилоттық зерттеу нәтижелері

 

 

21

3.1

Қала жағдайында өмір сүретін клиенттердің қажеттіліктерін бағалау (Саран қ. материалдары негізінде): қажеттіліктердің типтік үлгісі және клиенттердің әрбір санатына арналған қызметтер тізімі

Саран қаласындағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде тіркеудегі 165 клиенттпен тікелей қарым-қатынас негізінде сауалнама жүргізіліп, олардың арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктері анықталды, қажетті есептік құжаттар толтырылды Алғашқы материалдар» папкасы,  №1а, №1б)

 

Клиенттер санаттар бойынша бөлінді (21-22 беттер, Қосымша I, 124-135 беттер) (Слайд № 10).

 

Жабдықталған және жабдықталмаған үйлерде тұратын 3 санатты клиенттердің типтік қызметтер тізімі анықталды (22-26 бет) (№ 11,12 Слайдтары).

 

Саран қаласының клиенттерінің өмір сүру жағдайлары анықталды (26-27 беттер) (№ 13, 14, 15, 16, 17 Слайдтары).

 

 

21-27

3.2

Ауыл жағдайында өмір сүретін клиенттердің қажеттіліктерін бағалау (Бұхар Жырау ауданының материалдары негізінде): қажеттіліктердің типтік үлгісі және клиенттердің әрбір санатына арналған қызметтер тізімі

 

Бұқар жырау ауданының үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде тіркеудегі 151 клиенттпен тікелей қарым-қатынас негізінде сауалнама жүргізіліп, олардың арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктері анықталды, қажетті есептік құжаттар толтырылды («Алғашқы материалдар» папкасы,  №2а, №2б)

 

Клиенттер санаттар бойынша бөлінді (22 бет, Қосымша II, 136-146 беттер) (Слайд № 10).

 

Жабдықталған және жабдықталмаған үйлерде тұратын 3 санатты клиенттердің типтік қызметтер тізімі анықталды (27-31 беттер) (№ 18,19 Слайдтары).

 

Бұқар жырау ауданының клиенттерінің өмір сүру жағдайлары анықталды (31 бет) (№ 13, 14, 15, 16, 17 Слайдтары).

 

 

 

27-31

4

Егде жастағы тұлғалар мен мүгедектердің әлеуметтік қажеттіліктерін бағалау ережелерінің жобасы

 

 

32-47

4.1

Арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктерді бағалау ережелері (ұйымдастыру ережелерімен, есептік және есеп берушілік құжаттамамен бірге) (Слайд № 20).

 

Саран қаласында және Бұқар жырау ауданындағы өткізілген зерттеулер нәтижесінде қарт азаматтар мен мүгедектердің арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктерін анықтау Ережелерінің жобасы жасап шығарылды және қажеттіліктерді бағалау әдістемесі дұрысталды. (32-33 беттер) (Слайд № 21).

Қажеттіліктерді бағалау Ережелерінің жобасына арнайы әлеуметтк қызметтерге деген қажеттілікті бағалауды ұйымдастыру Ережелері (34 бет), бағалауды жүргізетін тұлға толтыратын есептік құжаттама (35-38 беттер), есеп беру құжаттамаларының үлгілері (39 бет).

 

 

 

32-39

4.2

Бағалау қызметін атқаратын әлеуметтік жұмыскердің лауазымдық міндеттері

Арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктерді бағалау әдістемесін қолданып тексеру және жасалған нормативтік-құқықтық құжаттамалар негізінде бағалау қызметін атқаратын әлеуметтік жұмыскердің лауазымдық міндеттері анықталды (40 бет)

 

 

40-41

4.3

Арнайы әлеуметтік қызметтер сапасын бағалау әдістемесі, қызметтер сапасын бағалау бойынша алғашқы есептік және есеп берушілік құжаттамамен бірге

 

Нәтижелер бойынша қаржыландыруға өту әлеуметтік қызметкерлердің көрсетіп жатқан арнайы әлеуметтік қызметтерін бағалауды талап етеді. Мұндай бағалаудың қажеттілігі ҮЕҰ-дың және жеке тұлғалардың бюджеттік қаржы есебінен қызмет көрсетуіне байланысты жоғарлайды.

Біз ұсынған әдістеме қызметтердің келесі параметрлерін есепке алады:

1) клиенттің санатына байланысты қызметтер тізіміне көрсетілген қазметтердің сай болуы;

2) клиенттің көрсетілген қызметтермен және әлеуметтік қызметкердің көңіл бөлуімен қанағаттануы;

3) көрсетіліп жатқан тұрмыстық және жеке қызметтердің сапасын тексеру

Бағалау қағаздарында клиенттің ескертулері мен ұсыныстары, және әлеуметтік қызметкермен әңгімелесу нәтижелері туралы мәлімет бар.

Бағалау әдістемесі және баллдарды есептеу жүйесі 41-45 беттерде көрсетілген (№ 22, 23, 24, 25 Слайдтар).

 

 

41-44

4.4

Қажеттіліктерді бағалау және қызметтер сапасын бағалау қызметтерін атқару бойынша еңбек жүктемесінің нормативтерін типтік есептеу

Қажеттіліктерді бағалау және қызметтер сапасын бағалау қызметтерін атқару бойынша еңбек жүктемесін есептеу әдістемесі ұсынылды. Арнайы әлеуметтік қызметтер қажеттілігін бағалауды өткізу қала ішінде 180 минут уақытты қажет етеді (жол жүру уақытымен қоса), ауылды елді мекенде – 210 минут (3,5 сағат). Қажеттіліктерді бағалау үшін үйді қарап шығу 1-санатты клиенттер үшін жылына 1 рет, 2-3-санатты клиенттер үшін жылына 2 рет өткізіледі. Толығырақ 45-46 беттерде (№ 26, 27 Слайдтары).

Көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға жұмсалатын еңбек шығындарын бақылау әдістемесі жасап шығарылды. Эксперимент жолымен қалалардағы қызметтерді бағалауға жол жүру уақытымен бірге 60 минут (1 сағат), ауылды елді мекендерде – 90 минут (1,5 сағат) қажет екені анықталды. 1-санатты клиенттер үшін жылына 1 рет, 2-3-санатты клиенттер үшін жылына 4 рет өткізіледі. Есеп 100 клиент үшін жасалған. Толығырақ 46-47беттерде (№ 28, 29 Слайдтары).

 

 

 

45-47

5

Үйде қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың, ҮЕҰ, отбасылардың, еріктілер мен еріктілер ұйымдарының мүмкіндіктерін есепке ала отырып тәжірибе жүзінде анықталған нобайлар негізінде үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгілерін әзірлеу (оның ішінде патронаттық күтімді есепке алғанда)

 

 

48-88

5.1

ҮЕҰ және еріктілер ұйымдарының қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгісі

Қарағанды облысындағы қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ҮЕҰ-дың потенциалын бағалау негізінде үлгі жасап шығарылды. Клиенттерді келесі жағдайларда өткізуге болады:

1.  Үйдегі қызмет пайдаланушылар саны 20-25 адамнан көп емес;

2. Күтім жасайтын әлеуметтік қызметкер «Қарттар мен мүгедектерге үйдегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» курстарында оқып, сертификаты болуы қажет. Мұндай курстар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және қызмет көрсетуге үйретуден методикалық тәжірибесі бар ҮЕҰ күшімен ұйымдастырыла алады. Қарағанды облысында бұл талаптарға сай келетін ҮЕҰ-дар: ҚҰ «Wiedergeburt неміс қоғамы», еврейлік ҚҰ  «Хэсэд «Мириам», «Қызыл крест және Қызал Жарты ай» ҚҰ.

3. Жалғыз басты қартты немесе мүгедекті ҮЕҰ-ның күтіміне өткізетін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ:

  • Клиенттің арнайы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау стандарттарына сәйкес клиенттің қажеттіліектерін және категориясын анықтайды;
  • әр клиенттің категориясына қарап, арнайы әлеуметтік қызметтердің тізімін жасайды;
  • клинттердің категорияларын есепке алып отырып, оларга қызмет көрсетуге қажетті еңбек шығындарын және басқа материалды шығындарды есептейді,  сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік бюджеттен ҮЕҰ-ға бөлінетін қаржы сомасын анықтайды;
  • ҮЕҰ-дың қызметтерінің сапасын бағалап, қажет болса, арнайы әлеуметтік қызметтер тізімін өзгертеді. (Толығырақ 48-49 беттерде) (Слайд № 30).

 

ҮЕҰ-дың үйде қызмет көрсету типтік моделін іске асыру шығындары 110 беттегі 6.3.1 параграфында көрсетілген (№ 43, 44 Слайдтары). 6.1 және 6.2 параграфтарында мемлекеттік әлеуметтік қызметкерлердің еңбек және еңбекақы нормаларының есебі көрсетілген. 91-105беттер (№ 41, 42 Слайдтары).

Қарағанды облысының ерікте көмекшілерінің потенциалы бағаланып, олардың көмегін қазіргі кезде тек қарттар мен мүгедектерге ыстық тамақты жеткізу немесе қартттар мен мүгедектерді қайырымдылық астарына жеткізу мақсатымен пайдалануға болады. Толығырақ 48 бетте.

 

 

48-49

5.2

Нақты жағдайларда үйде патронаттық күтім мен қамқор көрсетудің анықталған үлгілері (арнайы әлеуметтік қызметтерді барынша қажет ететін клиенттер үшін)

 

Патронаттық күтім түсінігі теория мен тәжірибеде бір жақты және кең мағынада қолданылатыны анықталды:

1) Бір жақты мағынада патронат түсінігі қартты немесе мүгедек жанды өз қамқорлығына төлем ақы үшін алатын патронаттық жанұямен теңестіріледі.

2) Кең мағынада патронат түсінігі өтемдік негізінде өз қанатының астына алуды және қолдауды білдіреді. Патронаттық күтім түсінігі қолданылған жағдайда, оны қарттарға немесе мүгедектерге өтем негізінде бақылау және көмектесу қызметтерін көрсету деп білу қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкердің арнайы әлеуметтік қызметтерді барынша қажет ететін, күніне 8 сағаттан кем емес уақыт күтім қажет ететін клиентке қызмет көрсетуі – патронаттың бір түрі болып есептеледі (Слайд № 31)

Патронаттық күтім үлгісін арнайы әлеуметтік қызметтерді барынша қажет ететін (күніне 8 сағаттан кем емес) 3 санатты клиенттер үшін қолдану тиімділігі дәлелденді.

Астана қ., Қарағанды қ., Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қостанай облыстарының және Саран қаласы мен Бұқар жырау ауданының Қарағанды қаласындағы «Wiedergeburt неміс қоғамы» ҚҰ-да арнайы оқу курстарынан өткен  78 әлеуметтік қызметшілері мен бөлім жетекшілері қатысқан сауалнама нәтижелері бойынша патронаттық күтім қажеттілігі тұрғындардың келесі топтарында бар:

  1. Күні бойы немесе тәуелік бойы күтімді қажет ететін жалғыз басты қарт азаматтар, немесе мүгедектер
  2. Күнделікті (кейде тәуелік бойы) күтім қажет ететін және мұндай күтімді туыстарынан күніне 8 сағаттан кем емес уақыт алатын қарт азаматтар. Бұл жағдайда күтім көрсетіп жатқан еңбекке жарамды азамат еңбек нарығында жұмысқа орналаса алмай, зейнетақы қорына салым жасауға мүмкіндігі болмай, тек патронаттық күтіммен айналысады.
  3. Тәуелік бойы күтім қажет ететін 18 жастан үлкен мүгедек жандар. Бұл жағдайда күтім көрсетіп жатқан еңбекке жарамды азамат еңбек нарығында жұмысқа орналаса алмай, зейнетақы қорына салым жасауға мүмкіндігі болмай, тек патронаттық күтіммен айналысады. (Эксперттік сауалнама нәтижелері 3-ші Қосымшаның «Алғашқы материалдар» №3 папкасында орналасқан, сауалнаманың электронды нұсқасы Excel форматты кестелерде көрсетілген).

 

Эксперттік сауалнама нәтижелері № 32, 33, 34, 35, 36. слайдтарында көрсетілген.

Қазақстандағы қазіргі жағдайда тексеруден өтіп, іске асып жатқан патронаттық күтім үлгілері 52-54 беттерде көрсетіліп, 55 беттің 16-кестесінде қорытындыланған (Слайд № 37).

Асыранды отбасын ұйымдастыру патронаттық күтім үлгісі іс жүзінде сирек кездеседі: сауалнамаға қатысқандардың 3,8%-ы ғана ондай жағдайдың болғанын белгіледі. Көбінде, қарт азаматтың мүлігі болған жағдайда күтушілер келіп-кету тәртібінде қызмет көрсетеді.

 

 

50-88

5.2.1

Қазақстан Республикасында қарттар мен мүгедектерге патронаттық күтім жасау туралы ереже, қызметтерді өтеу ережелерімен бірге

 

Күніне 8 сағаттан кем емес күтім қажет ететін қарттар мен ересек мүгедектерге күтім көрсетудің іс жүзінде институционалсыздандырылған түрлерінің негізіндегі патронаттық күтім Ережелері жасап шығарылды. Штаттағы әлеуметтік қызметкерлерге «1 клиент – 1 қызметкер» жүктемесі бекітілуі тиіс. Қалыптасқан патронаттық күтім үлгілерінің бас мәселесі – күтім көрсетіп жатқан еңбекке жарамды азамат – қарттың немесе мүгедектің туысы, қамқоршысы (қорғаншысы) – еңбек нарығында жұмысқа орналаса алмай, зейнетақы қорына салым жасауға мүмкіндігі болмай, тек патронаттық күтіммен айналысады. Толығырақ 56-68 беттерде. (№ 38, 39 Слайдтар).  

Арнайы әлеуметтік қызметтерді күніне 8 сағаттан кем емес қажет ететін азаматтарға қызмет көрсету үшін штаттан тыс қызметкерлер ретінде жеке тұлғаларды тарту қажеттілігі анықталып, дәлелденді.

Патронаттық күтім ақысы есептелді: өтеу мемлекеттік бюджеттің қаражатынан ұсталатын азаматтық қызметкерлерінің,  мекемелердің қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесіне сәйкес мөлшерде, жұмыс уақыты жай күндері 8 сағаттан кем емес, демалыс күндері 3 сағаттан кем емес деген есеппен,  үйде қызмет көрсету бөлімімен іске асырылады. (Слайд № 41).

 

Патронаттық күтім қызметтерінің сапасын қадағалап (толығырақ 4.3 параграфында), көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы төмен болған жағдайда еңбекақыдан айыру шараларын қолдану әдістері ұсынылды.

Еңбекақыны есептеу туралы толығырақ 108 беттегі 6.3.2 параграфында. 6.1 және 6.2 параграфтарында мемлекеттік қызметкерлердің еңбек шығындарының және еңбекақыларының нормасын есептеу көрсетілген. (№ 41, 42 Слайдтар).

 

 

56-68

5.2.2

Қазақстан Республикасында қарт азаматтар мен мүгедектер үшін асыранды (патронаттық) отбасыларды ұйымдастыру туралы ереже, қызметтерді өтеу ережелерімен бірге (Слайд № 40).

 

Асыранды отбасын ұйымдастыру арқылы күтімге мұқтаж азамат пен күтім көрсетуге ықылас білдірген тұлғаның бірге өмір сүрулерін ұйымдастыру жолымен жасалатын қарт азаматқа, жартылай немесе толықтай өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін жоғалтқан мүгедекке күтім көрсету түрі жасап шығарылды. Толығырақ 68-87 беттерде. (Слайды  № 41, 42).

 

 

67-86

5.3

«Красный крест и полумесяц» ҚҰ хосписінің жолсапар қызметінің үйде күтім жасау үлгісі

 

Онкологиялық аурулырмен ауыратындарға, қарттарға және мүгедектерге үйде паллиативтік емдеу қызметтерін көрсету үшін жолсапар хоспис қызметін ұйымдастыру ұсынылады. Толығырақ 87-89 беттерде.

 

 

 

87-88

6

Ұсынылып отырған үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгілерін енгізу құнын типтік есептеу 

 

 

89-114

6.1

Қарт азаматтар мен мүгедектердің үйдегі қажеттіліктерінің типтік үлгілері бойынша еңбек шығындарының нормалары (3 нұсқа: қаладағы абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үй жағдайында, ауылдағы абаттандырылмаған тұрғын үй жағдайында)

 

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін Қарағанды облысының (Саран қ. және Бұқар жырау ауданы) 33 әлеуметтік қызметкерінің еңбек шығындарын зерттеу нәтижелері біріктірілді. 148-168 беттердегі Қосымша IV, «Алғашқы материалдар» папкасы (Слайд № 41).

 

 

89-991

6.2

Қарт азаматтар мен мүгедектердің негізгі үш санаты және олардың қажеттіліктер деңгейі бойынша қызмет көрсету құны

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мемлекеттік әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын өтеу жүйесінің негізінде, 3 санаттағы клиенттердің тұрғылықты жерін есепке алып, қызмет көрсету құнын есептеу өткізілді. Толығырақ 100-102 беттерде (Слайд № 41).

Әс жүзіндегі әлеуметтік қызметкерлерінің еңбек шығындарына сәйкес жүктеме нормалары есептелді. Толығырақ 102 бетте. (Слайд № 42).

 

102-105

6.3

Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үлгілері құнын типтік есептеу

 

 

106

6.3.1

Үйде қызмет көрсететін мемлекеттік емес ұйымның (ҮЕҰ) қызмет көрсету үлгісі

20 адамның 15-і (75%) 1-санатты тұлғалар, 3-і (15%) 2-санатты және 2-і (10%) 3-санатты тұлғалардан тұратын учаскеде қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-ды қатыстыру үлгісін қолдану жағдайындағы еңбек шығындарын есептеу өткізілді. (Толығырақ 104-108 беттерде) (№ 43, 44 Слайдтар).

 

106-110

 

6.3.2

Қарттарға, 18 жастан асқан мүгедектерге үйде патронаттық күтім жасау үлгісі

Қалада және ауылды елді мекендерде тұратын клиенттерге қызмет көрсетудің үш үлгісін іске асыру кезінде жұмсалатын еңбек шығындары есептелді. (Толығырақ 109-111 беттерде) (Слайд № 45).

 

 

111-112

 

6.3.3

Қазақстан Республикасында қарт азаматтар мен мүгедектер үшін асыранды (патронаттық) отбасылар үлгісі

 

Күтім қажет ететін азаматтардың үш санатын және олардың тұрғылықты орындарының уш түрін есепке алып, патронаттық отбасыларды ұйымдастырудың 9 үлгісін іске асыру барысында жұмсалатын еңбек шығындары есептелді. (Толығырақ 110-113 беттерде) (Слайд № 46).

 

 

112-115

 

6.3.4

«Красный крест и полумесяц» ҚҰ хосписінің жолсапар қызметінің онкологиялық сырқаттарға үйде күтім жасау үлгісі

 

«Красный крест и полумесяц» ҚҰ хосписінің жолсапар қызметін ұйымдастыруға қажетті шығындардың жылдық нормасы есептелді. (Толығырақ 116-119беттерде) (№ 47, 48 Слайдтар).

 

116-119

 

Пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімі

 

118-120

 

Қосымшалар

 

121-166

       
Айдар: