Кедергісіз қол жеткізу жағдайын қалыптастыру және құнын есептеу

I БӨЛІМ

АННОТАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП

ТАҚЫРЫБЫ:

МҮГЕДЕКТЕР ҚҰҚЫҒЫТУРАЛЫ  КОНВЕНЦИЯНЫҢ ШЫҒЫНЫН  МОДЕЛДЕУ ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА

МҮГЕДЕКТЕР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АЗ ЖИНАҚТАЛҒАН ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН

БАСТЫ ТИПТІК ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ  КЕДЕРГІСІЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖАҒДАЙЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ

Қысқа мазмұны

1

Қоғамдық ғимараттар мен қызметтің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді болуы

 

5-29

1.1

Әлемдік тәжірибе және қолданыстағы ережелер жиынтығы негізінде ғимараттардың қолжетімділігін құжаттандыруды өткізу әдісі

Ғимараттардың қолжетімділігін құжаттандыруды өткізу әдісі әзірленді, мақсаты елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылым нысаналарының халықтың аз жинақталған топтарына қолжетімділік деңгейін анықтау және толық әрі нақты ақпарат беру болып табылады.  Құжаттаудың мазмұны әлеуметтік инфрақұрылым нысаналарына тексеріс жүргізу болып табылады: нысананың сәулетшілік-жоспарланған, қызметтік-құрылымдық элементтерін қарастыру және өлшеу, мақсаты нысананың қолжетімділік паспортына осы элементтердің, сапалық және сандық өлшемдерінің болуы. (Слайд №2,3)

Сәулетшілік ортаның параметрлері 4 белгіге сай болуы тиіс: қолжетімділік, қауіпсіздік, ақпараттық, қолайлылық (№ 4 слайд). Толық 5-8 беттерде.

Нысананы паспорттаудың негізгі нормативті құжаттары ҚР СП 3.06-15-2005 «Халықтың аз қимылдайтын топтарына арналған ғимараттар мен құрылымдарды жоспарлау» болып табылады. № 5 слайд. Толық 5 бет.

Әлеуметтік инфрақұрылым ғимараты қолжетімділігін паспорттау әдісі келесі кезеңдерді қамтиды: (№ 6 слайд).:

I. Дайындық кезеңінің құрылымы;

- жұмыс тобын құру (УКЗСП, НПО, сараптамашылар,  сәулетшілер,  паспорттау нысанасының өкілдері);

- паспорттау нысаналарының тізімін құрау;

- жұмыс тобына нұсқау жасау;

- жұмыс тобын паспорт бланктарымен және техникалық құралдармен жабдықтау.

II. Зерттеушілік кезең құрылымы:

1. Кіріс топтары;

2. Қимыл аймағы;

3. Зоны оказания услуги;

4. Санитарлы тұрмыстық үй жай.

5. Ақпарат және коммкникация құралдары;

6. Нысана аумағы.

III. Аналитикалық кезең МГН жетімді реестр нысаналарын және бейімделуге қажетті нысана реестрлерін толтыру болып табылады.  Толық 5-29 беттерде.

2-29

2

Инклюзивтік білім: орта мектеп үлгісінде инклюзивті білім беруді енгізу бойынша кешендік іс-шаралар құнын есептеу.

30

2.1

Әлемнің дамыған елдерінде инклюзивтік білім беруді дамытудың қазіргі тенденциялары.

Білім беруде адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін жүзеге асыра алатын көрнекті тәжірибесі бар елдердің инклюзивті білім беруінің жалпы әдістемесі олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін  арттырады.  

Материалдық және материалдық емес қорлармен қамтамасыз етілген басқарма жүйесі ретінде инклюзивті білім беру моделінің негізгі элементтері анықталды: арнайы дайындығы бар негізгі педагогикалық кадрлар (бастауыш сыныптарда базалық білімі – дефектология, жоғары сыныптарда – түзету дайындығы), мүмкіндігі шектелі балаларды ертіп жүретін команда, оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі, оқытудың материалды-техникалық базасы мен балаларға мектептердің қолжетімділігі, арнайы мектептер базасында инклюзив үшін қор орталықтары, ата-аналардың белсенді қатысуы мен қоғамдық толеранттық пікірдің қалыптасуы.  Толығырақ 30-46 беттерде.

Қазақстандық нормативті-құқықтық база негізінде инклюзивті түрде оқытылатын балалармодельдік мектеп шығынын есепке ала отырып жүйеленген қазақстандық нормативтермен, педагогикалық, медициналық және көмекші қызметкерлермен  қамтамасыз етілген. Толығырақ 30-46 беттерде. 

 

30-46

 

 

 

2.2

Іс-әрекетінің әртүрлі шектеулері бар мүгедек балалар үшін мектептің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету шығынының типтік есебі. 

     Қарағанды қаласының №15 орта мектебінің (Сатыбалдина көшесі, 19) типтік құжаттауы өткізілді.  Қарағанды қаласының № 15 орта мектебінің (Сатыбалдина көшесі, 19) типтік құжаттауы өткізілді, әртүрлі шектеулері бар балалар үшін мектеп ғимаратын қайта құру бойынша есептік-сметалық және жоба-сызбалық жұмыстар жүргізіліпі, нұсқаулар әзірленді. Жалпы білім беретін мектеп ғимаратын қайта құру құнының жинақталған сметалық есебі. Толығырақ 62 бетте. Өткізілген іс-шаралар бойынша қалпына келтіру құны. Толығырақ 62 бетте.   

47-62

2.3

2.4

Оқушы орнын дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар мен шығындарды анықтау.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға оқушы орнын дайындау үшін жалпы қолданатын құралдардың типтік шығындары есептелген.  Толығырақ 63 бетте. Коррекциялық мектептерде балаларды оқыту бойынша мамандарды сараптамалық сауалнамасы негізінде қажетті әдістемелік қамтамасыз етілуі, негізгі арнайы құралдар мен жабдықтар, сыныптан тыс қосымша жеке (коррекциялық) және дене шынықтыру сабақтары үшін құрылымдар,  тірек-қимыл аппараты, сөйлеу, көру, есту мүмкіндігі  шектеулі  балалар үшін құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.  Құнының есебі 63-66 беттерде көрсетілген.

63-82

2.5

Инкюзивтік оқыту мектебінің моделі жобасын жүзеге асыру үшін шығын есептеуі. 

Жобаның алғашқы жылында инклюзивті оқыту мектебі моделін жүзеге асыру шығыны анықталды.  Толығырақ 83-85 беттерде. Есеп модульдік принцип бойынша жасалған және мүмкіндігі шектеулі балалар тобының әрқайсысына жеке шығын есебін көруге болады.   Толығырақ 83-85 беттерде. 22 слайд.

83-85

3

Еңбек және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

86

3.1

Сарань қаласының жұмыспен қамту орталығын төлқұжаттау.

     Сарань қаласының жұмыспен қамту орталығын төлқұжаттау өткізілді (Победа көшесі, 12), нұсқаулар әзірленіп, ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету кешендік іс-шараларын жүзеге асыру және ғимаратты қайта құрудың жобалық-сызба жұмыстары және есептік-сметалық жұмыстары жасалды. Толығырақ  86-97 бетте.   8-18 слайдтар

86-97

3.2

Әлемдік тәжірибе негізінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен қамту жүйесінің қолданыстағы тәжірибесі.

ОЭСР елдерінде мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету жүйесінің тиімді тәжірибесі жүйеленген, олардың ішіндегі маңыздысы мыналар болып табылады:    

  • «Жұмыс орнын тиімді пайдалану» ұғымының заңды анықтамасы.  
  • «жұмыс істеу қабілетінен айырылудан» «еңбекке қабілеттілікке» ауысуы.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдау барысында оның шығынын өтейтін көмек беру түрлері бар жұмыс берушіні ынталандырушы экономикалық механизмге акцент, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс орнына бейімделуі, жалақысы, кәсіби оқуына шығын және тағы басқалардың өтелуі.
  • Кәсіби бейімдеу орталығы мен жеке қаржыландыру негізінде еңбекке бейімдеу қызметінің қолжетімділігі.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуде жеке компаниялардың, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың белсенді қатысуы.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды ашық еңбек нарығында және жұмысқа дайындау, оқыту, іздестіру, жұмысқа тұру бойынша кеңес беру және жұмыс орнында әрдайым қолдау жасауға бағытталған «жұмыспен қамтуды қолдау» жүйесін дамыту,
  • Денсаулығы елеулі бұзылған адамдарды жұмыспен қамту үшін «қорғалған шеберханалар» көп бағыттық қолдау.

Толығырақ  97-104 беттерде.

23-24 слайдтар

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту жүйесінің негізгі мәселелері анықталды:   

  • ИПР кәсіби бөлімін құру халықаралық қызмет классификациясы жүйесіне сай келмейді: тұлғаның кәсіби қабілеттерін бағалау жүргізілмейді, кәсіби бейімделу өткізілмейді.
  • Ашық еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуда мүгедектер үшін жұмыс орнын 3 % квоталау механизмі тиімді емес.
  • Мүгедектер бейімделмеген жұмыс орындарында істейді (Соқырлар мен мылқаулар УПБ ОО басқа), көбінесе оларға аз төленетін, жоғары біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орындарын ұсынады (азық-түлік кәсіпорындарында санитарлық пост, вахтер және т.б.) немесе кәсіпорындарда жеңіл үйренетін орындарды ұсынады. Сонымен қатар жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынаста КЗоТ бұзылы таралған.
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдар кешенді түрде кәсіби бейімделіп, кеңестер алып, оқытылып, еңбекпен қамтылып және одан әрі жұмыс орнында қолдау көрсететін кәсіби көмек беру орталықтары желісі жоқ.
  • Жұмыс берушіге мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға ынталандыратын экономикалық жүйе жоқ: жұмыс орны мен ортасына бейімдеу үшін жұмыс берушіге төлем жоқ, еңбек нарығына сай қызметкерді қайта оқытуға төлем жоқ, жұмыскердің біліктілігін арттыруға, жалақысын жартылай қайтару, ассистенттер қызметін төлеуге төлемнің жоқ болуы.  

25 слайд

97-104

3.3

Мүгедектер  жұмыс орнын дұрыс құруды қамтамасыз ету

Қарағанды облысының мүмкіндігі шектеулі халқының жұмыспен қамтылуын зерттеу нәтижесі («Казахмыс корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ Қарағанды облысының ірі корпорацияларын есепке ала отырып 150 кәсіпорын):

1. Ашық еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің жұмыс орнына бейімделуіне жұмыс берушіден ешқандай шығын шыққан жоқ, өйткені еңбекпен қамтылған көптеген мұгедектер үшін жұмыс орнына бейімделу қажет емес.

2. Арнайы мамандандырылған кәсіпорындарда – «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ мен «Қазақ мылқаулар қоғамы» ҚБ Қарағандылық филиалында ішкі қорлар есебінен жұмыс жабдықтарын игеру жүргізілген, ресми шығын болған жоқ.

3. Жұмыс орнына бейімдеу шығынын өтеу шартына сай еңбек нарығында жұмыс берушінің  52% мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыс қабылдаудан қашпайды.

26-32 слайд

Үздік әлемдік тәжірибеге жүгінсек, жұмыс орнын құру шығының құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Еңбек міндеттерін орындауға қажетті санитарлы-техникалық және басқа нысаналармен қоса жұмыс орнына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ғимаратты жөндеу және бейімдеу; 
  2. Жұмыс орнының жұмыс жасауына қажетті жұмыс құралдары мен көмек көрсетудің техникалық шараларын сатып алу, монтаждау және орнату (станоктар, ұйымдастыру техникасы, техникалық құрылымдар, арнайы жиһаз);  
  3. Егер жасалған жұмыс орны Жұмыспен қамту орталығы арқылы ала алмайтын  кәсіби біліктілік пен кәсіби оқу дағдыларын қажет етсе, жұмыскерді оқыту. 

33-34 слайд

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті ғимараттарды бейімдеудің нақты шығыны айтарлықтай өзгеше екені анықталды. Біз «Казцентрэлектропровод» ЖШС (Сарань қаласы), «Агроконсалтинг» ЖШС (Қарағанды қаласы) мүгедектер үшін жұмыс орындарын құру шығынын септедік. Мүгедек-колясочник үшін жұмыс орнын бейімдеу құны 1188,61 мың теңге және  1638,5 мың теңгені құрайды, соқыр мүгедек үшін call-орталықта 334,4 мың теңгені құрайды.   Яғни мүгедек-колясочник үшін жұмыс орнын бейімдеуде жұмыс беруші елеулі шығынға бататыны анық.  17 нысананы қайта құру шығынын талдау нәтижесі бойынша  көлбешенің орташа бағасы – 544,9 мың теңге, кіріс тобы – 499,1; Санитарлы-техникалық тұрақ-жай – 373,9 мың теңге. Толығырақ 104-106 беттерде.

35-38 слайд

Кез-келген жағдайда мүгедек мүмкіндігі құнына негізделген, технологиялық үрдіс пен санитарлық нормалар ерекшеліктеріне сай жеке ыңғайда қарау дәлелденген.  Сірә Қазақстан жағдайында жұмыс орнын құруға елеулі шығын кететіні анық, бұл ескі типтегі құрылыстардың көп болуына байланысты ғимараттар мен тұрақ-жайдың қолжетімді болмауына байланысты. Мемлекеттік қолдау алу үшін көмектің жоғары шектеуін ұстану қажет. Толығырақ 104-106 беттерде.

АҚШ шығынының көлемі мен құрылымына сай жұмыс орындарын бейімдеудің Қазақстандық шығыны бағаланған, бұл 6 276 424 теңгені құрайды.  Толығырақ 104-106 беттерде. 

39-42 слайд

104-106

3.4

Кәсіби бейімдеу және кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

Мүмкіндігі шектеулі жас адамдарға кәсіби оқытуды ұйымдастырудың шығыны анықталды:

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру нысаналарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу үрдісінде арнайы оқу үрдісі бағдарламаларымен қамтамасыз ету барысында ғылыми-әдістемелік әзірлемелер жасау.
  • Білім беру бағдарламаларын игеру тиімділігін арттырып, көмекші техникалық құралдар  сатып алу (тифло-, сурдо-, және т.б. техникалар).
  • Қосақталу командасы арқасында қызметкерлер штатын кеңейту (педагог-психолог, сурдо аудармашы, қосалқы педагогтар және т.б.);
  • мүмкіндігі шектеулі балалар қажеттілігіне бейімделген оқу аудиторияларын жөндеу;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар қажеттілігіне бейімделген, өндірістік зертханаларды жабдықтау. 

Жасалған есептерге сай КЭУК жоғары білім беретін мекеме  оқу үрдісінің техникалық және ғылыми-әдістемелік жабдықталудың ең төменгі шығын мөлшері өткізілген есепке сай  14127,2 мың  теңгені құрайды, осыған орай Қарағанды коперативтік университетінің «Экономика» бағдарламасы бойынша көру қабілеті шектеулі  студенттің 1 орны 2129,2 мың теңгені құрайды.

     Кәсіби бейімдеу мен кәсіби білім берудің неғұрлым тиімді бағдарламалары кәсіби көмек көрсету орталықтарында қткізіледі.

Толығырақ  116-122 беттерде

43-46 слайд

116-122

3.5

Жұмыспен қамту және қызметінің өсуі үшін еңбек нарығында мүмкіндіктердің көбеюі, сонымен қатар жұмысты іздеу, табу, сақтау қалу мен қайта бастауға көмек көрсету. 

Еңбек нарығында мүгедектерді жұмыспен қамтуды арттыру үшін ақпараттық, ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымдарды іске қосу қажет.

Ақпараттық құрылым жұмыспен қамту және қызметінің өсуі мүмкіндіктерін арттыру үшін, сонымен қатар жұмысты іздеу, табу, сақтау қалу мен қайта бастауға көмек көрсету үшін мәліметтер қоры жүйесі құрылуы тиіс, оған мыналар жатады: 

  • жұмысқа тұрғысы келетін мүгедектер туралы мәліметтер базасы, яғни ИПР кәсіби бөліміне сұраныс берген (МСЭ құзіреттілігінде және мүгедектермен ғана жұмыс істейді);
  • мүгедектер жұмыс істеуі мүмкін жұмыс орындарының қорын жасау (Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармаларында жоқ);
  • оқу орындары, сонымен қатар мүгедектер инклюзивті кәсіби дайындықтан өте алатын мекемелер туралы мәліметтер қоры (қайта даярлау) (білім Басқармаларында болмайды).
  • ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымдар мүгедектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің артуы үшін Қазақстан Республикасының еңбек жүйесін қайта құруды қарастырады және жүйелі мәселелерді шешуге бағытталады.   

Кәсіби тексерістен өтіп, МСЭ еңбекке қабілеттілігі деңгейі анықталғаннан кейін, жұмысқа тұру үшін мүгедек жұмыспен қамту Орталығына бара алады. Жұмыс істеуге қажетті деңгейі мен кәсіби дағдылары болған жағдайда ол «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа ашық еңбек нарығы мен арнайы кәсіпорындарға жұмысқа тұра алады.

Егер мүгедек адамның жұмыс тәжірибесі, қажетті деңгейдегі кәсіби білімі болмаса, не қайта даярлау қажеттілігі туындаса, адамға кәсіби бейімделудің арнайы бағдарламаларды өтуі мен Кәсіби орталықтарда білім алуды ұсыну қажет.  Орталықтағы кәсіби бейімделу қызметінің логикалық жалғасы қолданылған жұмыспен қамту, жұмыс орнына ертіп апару болып табылады.

Сонымен қатармемлекеттік қолдау құралдары арасында жұмыс берушінің мүгедектерге арнайы жұмыс орындарын құруға (бейімдеу) шығын, жұмыс орнында оқыту шығынын қаржыландыру  болып табылады (Жұмыспен қамту орталығында қарастырылмаған). Толығырақ 122-129 беттерде.  

 

122-129

3.6

Ашық еңбек нарығы мен қорғалған жұмыспен қамтылу жағдайында мүгедектердің жұмыс тәжірибесін алуына септігін тигізу.

Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде  Қазақстан жүйелерінің шараларын жүгезе асыру нұсқаулары әзірленді:  ҚР «Жұмыспен қамтылу туралы» және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бұйрықтары негізінде мүгедектерді жұмыспен қамтуды қолдау Ережелерін әзірлеу қажет, онда мемлекеттік қолдау негізінде арнайы жұмыс орындарының түрлерін анықталуы тиіс.  

  1. Жүйе құрамына қолдаудың келесі шаралары мен көлемдері ұсынылады:

А) Жұмыс орнын құруға (бейімдеу) жіберген жұмыс берушінің шығынын жартылай қамтылады:

  • Арнайы құралдарды, жиһазды сатып алу, қызметі бір жылдан аз болмауы керек және 14 ТЖА көп болмауы тиіс;
  • Жұмыс орнында оқыту, егер осыған сай курстарды жұмыспен қамту орталығыоқытпаса, 6 ТЖА көп болмауы тиіс.

Егер мұгедек өзіне бірінші реет жұмыс орнын ұйымдастырса (жеке қызмет немесе шағын кәсіпорын), субсидия сондай болады.   

Арнайы жұмыс орнының сақталу мерзімін анықтап, оның мерзімнен тыс жабылуына байланысты субсидияны қайтару механизімін қарастырады.  Толығырақ  129-148 беттерде.

47 слайд

В) Келесі жағдайда мүгедектер үшін жалақыны жартылай қамту қарастырылған: субсидияның ең үлкен мөлшері көп болмауы тиіс:

  • 1 топ мүгедектері үшін  -  2 ТЖА (31998 теңге  2011ж.)  -еңбекпен қамту аралығында түгелдей
  • 2 топ мүгедектері үшін – 1,8 ТЖА (28789 теңге 2011 ж.) еңбекпен қамту аралығында түгелдей;

3 топ мүгедектері үшін – 1,5 ТЖА (23998 теңге 2011 ж.) – 12 ай ішінде.  Толығырақ  129-148 беттерде.

48-49 слайдтар

3) Қолданыстағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы кең қолдаушараларын ұсынады, онда тәжірибе көрсетуі бойынша онда мүгедектерге де қолдау көрсетіледі, бірінші бағыт бойынша «мылқау мүгедектерді оқытатын сурдоаудармашы қызметін төлеуге субсидия беріледі (3 топ)». Субсидия 10 сағат көлеміндегі білім беру бағдарламаларын игеру үшін беріледі, аралық бақылауда қанағаттандырылмаған баға болған жағдайда субсидия тоқтатылады.

Субсидия көлемі жүріп-тұруда қиындықтары бар бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін ақтайтын жеке бағдарламаға сай анықталуы мүмкін, есту қабілеті бойынша мүгедектің ым-ишара маманының 30 сағаты. Ай сайынғы субсидия көлемі 23999 теңгені құрайды.

4) Бізге арнайы кәсіпорындарда жалақы беруге арналған субсидия берудің 2 нұсқасы берілген: 1 нұсқа – мүгедектік тобына қарай жалақының нақты пайызын өтеу; 2-нұсқа – жалақының белгіленген бөлігіне субсидия алу.

1 нұсқа бойынша қаржының келесі шектеулі пайыздары ұсынылады: 

  • 1 топ мүгедектері үшін – жалақының 80% бөлігін өтеу, алайда жұмыспен қамтылу кезеңінде  2 ТЖА көп болмауы тиіс;
  • 2 топ мүгедектері үшін - жалақының 65% бөлігін өтеу, алайда жұмыспен қамтылу кезеңінде  2 ТЖА көп болмауы тиіс
  • 3 топ мүгедектері үшін - жалақының 55% бөлігін өтеу, алайда 12 ай ішінде  2 ТЖА көп болмауы тиіс

2 нұсқа бойынша қаржының келесі шектеулі пайыздары ұсынылады: 

  • 1 топ мүгедектері үшін – жалақының өтеуі жұмыспен қамтылу кезеңінде  2,2 ТЖА көлемінде болады;
  • 2 топ мүгедектері үшін - жалақының өтеуі жұмыспен қамтылу кезеңінде  2 ТЖА көлемінде болады;
  • 3 топ мүгедектері үшін - жалақының өтеуі 12 ай ішінде  1,5 ТЖА көлемінде болады.

 

Сонымен қатар, қосымша мемлекеттік жәрдемді ескеретін, мамандандырылған кәсіпорындардың коммунальдық және әкімшілік шығынын өтейтін, сонымен қатар өндірістік ғимараттың жұмыс ортасын қалыптастыру шығынын өтейтін мамандандырылған кәсіпорындар қызметінің нормативті-құқықтық базасын әзірлеу қажет,

Көрсетілген көмек түрлерінің көлемі барлық шығынның 70 пайызын құрайды. Толығырақ  129-148 беттерде.

50-52 слайдтар

5) Мүгедектердің қоғамдық ұйымында «Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мен бизнесіне ықпал ету» аймақтық қорын қалыптастыру ұсынылады. Осы қорды қаржыландырудың негізгі көзі мүгедектерді жұмыспен қамту санкциясын орындамауға жүктелген квотаның 3%, ал түскен ақша қаражаты мүгедектер үшін жұмыс орнын құруға бағытталады.   Толығырақ  129-148 беттерде.

 

129-148

3.7

Мүгедектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау орталығын ұйымдастыру

 

Мүгедектерді кәсіби дайындау және қайта даярлау Орталығының құрылымы мен қызметіне нұсқау беру мен жобалау жүзеге асырылады, бұл келесі кешенде мүгедектердің жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге септігін тигізеді: «кәсіби бейімделу – кәсібт білім беру – жұмыспен қамту».  

Орталық мүмкіндігі шектеулі 100 тұлғаны бір мезгілде 10 оқу бағдарламалары бойынша оқытуға арналған:

     -    Ақпараттық технологиялар;

  • Құрылыс жұмыстары ;
  • Кеңсе менеджменті;
  • Благоустройство;
  • Қоғамдық тамақтандыру;
  • Сауда ісі;
  • Үй-жайды жинау;
  • Көлік құралдарын жөндеу;
  • Сауықтандыру және күту;
  • Тігін өндірісі.

Оқу бағдарламаларының бейімделу ұзақтығы 150 күнді құрайды. 10 ірі оқу бағдарламаларынан 30 мамандықтың біреуін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Алғашқы кезеңде 5 оқу бағдарламасы бойынша қабылданады, 5-ші жылға қарай Орталық қызметі 10 оқу бағдарламалары бойынша қызмет атқарады.

53-54 слайдтар

Сақталған еңбекке қабілеттілігі дәрежесін анықтау (4 күн) және кәсіби бейімделу өткізу (6 күн) арқылы  мүгедек науқасына қарай кәсіпті таңдау жеке түрде 10 күн ішінде анықталады.

Сонымен қатар он күн ішінде мүгедектерді жұмыспен қамтуды қарастыру және қасында еріп жүру қарастырылған. Бұл кезең кәсіби бейімделгеннен кейін, егер мүгедектің нақты кәсіби дағдылары болып, қайта оқытуды қажет етпеген жағдайда жүзеге асрылады.

55 слайд

Орталықтың бірінші қызмет істеген жылы Орталықтың жылдық өткізу қабілеті 125 адамды құрайды. Орталықтың ең жоғары толықтығы – 250 адам – 5-ші жұмыс жылына жоспарланады. 

56 слайд

Жоба Орталықтың 2 нұсқасын қарастырады. Бірінші нұсқа кәсіби бейімдеуге, оқыту мен жұмыспен қамтуға есептелген.

Екінші нұсқа мүгедектердің Орталықта тұру мүмкіндігін қарастырады, бұл мүгедектердің күнделікті жүруіне шектеу қойып, шығынға кіргізбейді.

57 слайд

Орталықта келесі бөлімдер қарастырылған:

  • Қабылдау бөлімі;
  • Әкімшілік және қызмет бөлімі;
  • Отделение трудовой реабилитации;
  • Кәсіби оқыту бөлімі.

Екінші нұсқада тұрғын тұрақ-жайы қосылады.

Бірінші нұсқада Орталық көлемі 990 шаршы метрді құрайды, екінші нұсқада 1220 шаршы метрді құрайды.

Бірінші нұсқада 1 мүгедекке есептелген  Орталық көлемі 9,9 шаршы метрді құрайды (990 шаршы метр/100 адамды уақытша орналастыруға), екінші нұсқада – 12,2 шаршы метр (1220 шаршы метр/ 100 адамды уақытша орналастыруға).

Бірінші нұсқа бойынша құрылыс пен құралдарды сатып алуға жіберілетін ауқымды шығын 138 786,2 мың теңге және екінші нұсқа бойынша Требуемые капитальные затраты в строительство и покупку инвентаря и 162 658,9 мың теңгені құрайды.

Орталықты күтіп ұстау жұмсалымдары бірінші нұсқада келушілердің көбеюіне байланысты 50 529,9 мың теңгеден 73 533,4 мың теңгеге дейін өседі. Орталықты күтіп ұстау жұмсалымдары екінші нұсқада 53 630,2 мың теңгеден 73 533,4 мың теңгеге дейін өседі. Толығырақ  149-180 беттерде

58-69 слайдтар

149-180

Айдар: