Павлодар облысындағы "ТОМ: Kazahstan" жобасы бастау алды

16.03.2018 14:54

2018 жылғы 10 наурызда «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-да Павлодар облысындағы "ТОМ: Kazahstan" жобасы бастау алды. Жобаны  «Тель-Авив университеті достар ассоциациясының» президенті А.А.Машкевич демеушілік көрсеткен. 
"ТОМ: Kazahstan" -  бұл өнер тапқыштарды, дизайнерлерді, әзірлеушілерді, бір жағынан инженер және дәрігер-Мейкерлерді, екінші жағынан мүмкіндіктері шектеулі адамдарды Нид-ноуэрлармен біріктіретін, соңғыларына нақты өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін технологиялық шешімдерді табу үшін халықаралық әлеуметтік жоба болып табылады. 
 "ТОМ: Kazahstan" жобасында қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер көрсету облыстық орталығы бірінші рет қатысып отырған жоқ. 2017 жылдың шілде айында Валентина Борисовна Толмачеваның мейкерлер мен нид-ноуэрлер тобы құрастырып және оны жұмсақ экзо скелетті қолдануға енгізіп, бірінші орынға ие болды.
Осы жылы Орталықтан екі қызмет алушы 2 топ мүгедектері Денис Игоревич Юрьев пен Анатолий Геннадьевич Задорожный қатысады. Нид-ноуэрлер мен мейкерлердің келесі кездесуі прототиптерінің апробациялары және атқарымдарымен бірге сәуір айында болады.