«3D протездеудің технологиялары» тақырыбындағы ашық есік күні!

29.11.2017 16:12

2017 жылғы 27 қарашада Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратында «3D протездеудің технологиялары» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шараға «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директорының орынбасары Мынжасар Шарипович Шугаепов қатысты.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, ҮЕҰ өкілдерінің, сонымен қатар протез қолданушы мүгедектердің қатысуымен М.Ш.Шугаепов протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасаудың жаңа 3D технологияларын көрсетіп және түсіндірді.