Үстіміздегі жылдың 10 маусымында облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Делмұханов басқармаға қарасты мүгедектерге арналған оңалту орталығын аралады

 

Үстіміздегі жылдың 10 маусымында облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Делмұханов басқармаға қарасты мүгедектерге арналған оңалту орталығын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығын және Ақжарма ауылында орналасқан психоневрологиялық орталықты аралады.

Орталықтардың жабдықталуы, қоршаған ауласы, асханаларын, спорт залдарын, ем алушылардың демалатын орындарын аралап, берілетін тамақ мәзірлерін көрді. Мекемелердің қызметкерлерімен, медициналық персоналымен, тәрбиешілерімен, қызмет алушыларымен кездесті.

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында ем алушылармен кездесіп, олардың алып жүрген қызметтеріне көңілі тола ма, емнің нәтижесі қандай, демалыс уақыттарын қалай өткізуде деген сұрақтар қойып әңгімелесті.

Облыс әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығындағы балалардың тамақтануы, олардың киім-кешегі, ойын алаңдары және білім беру түрлеріне ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Ақжарма ауылында орналасқан психоневрологиялық орталықтың 3 ғимаратын аралап шықты.

Орталықтарда жүргізіліп жатқан жұмыстар, өткізілген шаралар басқарманың ресми - интернет ресурсында жарияланып отырады.