2016 жылдың 30 маусым күні Мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты спартакиада мен көрме өткізілді

2016 жылдың 30 маусым  күні Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Жігер» спортшы-мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты спартакиада мен көрме өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жастардың арасында ұзындыққа секіру, мылтық ату, нысана көздеу, дойбы, эстафета жарысы бойынша сайыстар өткізілді. Көрмеде жиналғандар мүмкіндігі шектеулі жастардың қолынан шыққан бұйымдармен танысып, спартакиада жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар,  дипломмен марапатталды.