Облыс әкімі Қ. Көшербаев Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне арналған дәстүрлі мерекелік қабылдау шарасын өткізді.

Қызылорда облысында бүгінгі күні 64 Ұлы Отан соғысының ардагерлері және 6 мыңнан астам тыл еңбеккерлері бар. Үстіміздегі жылдың 7 мамырында «Гранд Плаза» мейрамханасында облыс әкімі Қ. Көшербаев Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне арналған дәстүрлі мерекелік қабылдау шарасын өткізді. Облыс әкімі ардагерлерді аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтады. Ардагерлерде облыс әкіміне көрсетілген ілтипат үшін ризашылықтарын білдірді. Мерекелік қабылдауда ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді, филармония әртістерімен соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасарлары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жергілікті атқарушы орган басшылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, облыс әкімінің мерекелік құттықтау хаттарын, сый-сыяпатын және гүл шоқтарын табыстады.