ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің үндеуі

Құрметті сайт қонақтары! Қымбатты достар!

Сіздердің біздің ақпараттық порталға назар аударғандарыңызға өте қуаныштымын – бұл сіздердің мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы оқиғаларға немқұрайды қарамайтындықтарыңызды білдіреді.   

Қазақстанда тәуелсіздік алған сәттен бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқығын іске асыру үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың заңнамалық базасы қалыптастырылды, жүйелі негізде мүгедектерді оңалтудың мемлекеттік бағдарламалары іске асырылып отырды.  Экономика жағдайының нығаюына қарай халықтың барынша осал топтарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру ұлғайды.   

2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қосыла отырып, Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін  қорғау бойынша қабылдаған шараларға жаңа импульс беруге ұмтылысын көрсетті.    

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі үздіксіз өсу үстінде. Әлемде, елде және өңірде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу – аса қажеттілік тудырып отыр.   

Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияны ратификациялауға дайындықтың барысын көрсететін ақпараттық портал құра  отырып, министрлік ең алдымен ашық сұхбат қағидатын басшылыққа алды және тек сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп қана қоймай, мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды да қарауға дайын.

Біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық және егер сіздер  порталға тұрақты келушілер болсаңыздар қуанышпен қарсы алуға дайынбыз.   Сіздер осы ресурстан өзекті және пайдалы ақпарат аласыздар, біздің саланың ең соңғы жаңалықтарымен танысып, алдағы тұрған іс-шаралардан құлағдар боласыздар  деп үміттенемін.  

Біздің сайтқа хош келдіңіздер!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Тамара Дүйсенова