Қазақстандағы БҰҰДБ өкілінің үндеуі

Құрметті достар! 2006 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы мен оның Факультативтік хаттамасы - Адам құқықтары жөніндегі бірегей халықаралық құжаттардың бірі болып табылады және мүмкіндігі шектеулі адамдарға бұрын соңды болмаған құқықтық қорғау дәрежесін береді.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Қазақстанның қол қою мерзімінен бастап БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрақты түрде ұлттық жүйесін құру саласында, сонымен қатар олардың қол жетімділік, толыққанды қатысу мәртебесі мен теңдік принциптерін дамыту бағытында тығыз жұмыс істеп келе жатыр.

Біз Қазақстанмен бірге Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау қуанышын бөлістік. Бұл тарихи оқиға үкімет, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың бірлескен күшінің арқасында мүмкін болды.

Қазіргі таңда Интернет үлкен әлеуетке және ақпаратқа ие. Бұл, сөзсіз, мүгедектердің қолжетімділігіне елеулі өзгерістер жасауға әбден қабілетті. Веб ресурстар тек мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетімділігін арттырып қана емес, сондай-ақ, тұтастай қоғамның пайдасына шешіледі.

Өз басым, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға арналған ақпараттық порталдың мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың құқықтары, әл-ауқаты мен проблемаларының қоғамда ерекше қабылдануына әсер етіп, жағымды жаңалықтарға әкеліп соғатынына сенімім мол. 

Мен барлық адамдар өз қабілетін ашуына және оны дамытуына тең мүмкіндіктерге ие болуы тиіс деп ойлаймын!

Ізгі ниетпен, Норимаса Шимомура
БҰҰ-ның Тұрақты координаторы/
Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілі